20 Сәуір 2018, 11:01
Дүйсенбі, 23 сәуір күні 12:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Global Challenges Summit 2018 тақырыбындағы Астана экономикалық форумының ақпараттық науқанының ресми басталуына арналған баспасөз брифингі өтеді.
Форумның күн тәртібіндегі, конгресс жұмысындағы, бағдарлама мен міндеттердегі өзгерістер туралы БАҚ сұрақтарына ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов, “Экономикалық зерттеулер институты” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Мұқан және GVA Kazakhstan басқарушы серіктесі Филипп Серажетдинов жауап береді.
Анықтама: 2018 жылдың 17-19 мамыр күндері Global Challenges Summit 2018 тақырыбында он бірінші Астана экономикалық форумы өтеді. Қазақстан астанасына әлемдік көшбасшылар мен халықаралық сарапшылар, саясаткерлер мен экономистер, ғалымдар және танымал мәдениет қайраткерлері келеді және олар барша адамзат үшін өзекті жаһандық сын-қатерлер мәселесін талқылайды.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу