15 Наурыз 2018, 07:43
Жұма күні, 16 наурызда сағат 11:20-да Үкімет үйінде «Қазақстан Президентінің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ету туралы баспасөз конференциясы өтеді.
ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев шара спикері болады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу