Жолдаудың 8-бағыты аясында мемлекеттік және электрондық қызмет көрсетуді дамыту барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Жұма күні, 19 қаңтарда, сағат 12:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Жолдаудың «Тиімді мемлекеттік басқару» сегізінші бағыты аясында мемлекеттік және электрондық қызмет көрсетуді дамыту барысы туралы брифинг өтеді.

ҚР АКМ вице-министрі Қайрат Балықбаев, «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Қасабек, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу