24 Қараша 2017, 11:23
Дүйсенбі күні, 27 қарашада, сағат 11:30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру барысы туралы брифинг өтеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова шара спикері болады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу