08 Желтоқсан 2017, 11:55
Дүйсенбі күні, 11 желтоқсанда, сағат 11:30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында денсаулық сақтау саласын ырықтандыру туралы брифинг өтеді.
ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Берік Шәріп шара спикері болады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу