Президент Жолдауының бірінші басымдығын іске асыру аясында ҚР машина жасау саласын дамыту келешегі туралы баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі күні, 28 маусымда, сағат 11:20-да Үкімет үйінде Президент Жолдауының бірінші басымдығын іске асыру аясында Қазақстан машина жасау саласын дамыту келешегі мен қазіргі жағдайы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Шара спикерлері:

  • ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батанов,
  • «Қазақстанның машина жасаушылары одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу