Саидмұрат Тәңірберген ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Саидмұрат Бапанұлы Тәңірберген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу