Тамара Дүйсенова БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесті

Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ДБ-ның әлеуметтік саладағы ынтымақтастығы, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, жастардың білігін арттыру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін мобилді фабрикалар құру мәселелері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа және мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге дайын екендерін білдірді.

#Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу