Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесін құру бойынша кеңес өткізді

Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру барысын және ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бақылау мақсатында «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесін құру жөнінде кеңес өтті.

Аталмыш шараға AMANAT партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев қатысып, Жобалық кеңсенің республикалық, облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі декомпозициясын, сонымен қатар ауылдарды талдауды, ауылдық округтердің мамандануын, технологиялық карталарды, кооперацияларды құруды және т.б. таныстырды.

«Экономикалық зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов халықтың табысын арттыру бағдарламасының, ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының және «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуын бақылау бойынша ойымен бөлісті.

Сондай-ақ жиында «Yevniy consulting group» компаниясының директоры Арман Евниевтің және AMANAT партиясының сарапшыларының пікірлері тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Жобалық кеңсені құруды, оның Ережесін әзірлеуді және кадрлық құрамды анықтауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу