15 Шілде 2025, 11:10
Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша көлік және қоймалау саласы 22,7%-ға артқанын баяндады.
Саланың өсу динамикасына жүк тасымалының жалпы көлемінің артуы әсер етті. Бұл көрсеткіш 551 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10,9 %-ға жоғарлады.
Оның ішінде тасымал саласында өсім байқалып отыр:
Барлық көлік түрлері бойынша жолаушылар тасымалы 10,5%-ға өсіп, 928 млн жолаушыны құрады.
Министрдің мәліметінше, тасымал көлемі экономиканың жай-күйін көрсетеді және көрсеткіштердің басым бөлігі бойынша өсім көрсетуде. Жүк тасымалы көлемінің өсуі экономиканың базалық секторының дамуы есебінен қамтамасыз етілді, атап айтқанда, олар:
Аталған салалар – көлік қызметтерінің негізгі пайдаланушылары. Есепті кезеңде олардың өсуі оң динамиканы көрсетті.
Нұрлан Сауранбаев аймақтар бөлігінде көлік саласының тұрақты өсуінде оң динамика бар екенін айтты. Әсіресе Астана қаласында айтарлықтай өсу байқалды, онда теміржол көлігімен жүк тасымалдау, қоймалау және қосалқы қызметтердің көлемі артты.
Жетісу облысы бойынша автомобиль және теміржол көлігімен, сондай-ақ құбырмен жүк тасымалдаудың көлемі ұлғайған. Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында теміржол көлігімен жүк тасымалдау және автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалының өсімі байқалады.
Көлік саласындағы өсу серпіні жыл соңына дейін сақтау инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі, олардың ішінде:
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу