Қазақстанның Еуразия орталығында цифрлық хабқа айналуға нақты мүмкіндігі бар — Б. Мусин

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин АТ саласында және цифрландыруда оларды іске асырудың негізгі тетіктері туралы баяндады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, «отандық АT-секторды дамыту және нығайту маңызды. Елге жас, білімді, ынталы мамандар қажет».

Министрдің айтуынша, бүгінде елімізде АT-секторында кадрлардың айтарлықтай жоғары тапшылығы қалыптасты.

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 100 мың жоғары білікті АT-мамандарын даярлау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында мынандай іс-шаралар орындалатын болады:

Біріншіден, жыл сайын жеке АT-мектептерде оқыту үшін АT-ваучерлер берілетін болады. 

«Осылайша, біз жеке АТ-мектептер нарығын қолдаймыз және 2025 жылға дейін 20 мың АT-ваучер берілетін болады. Бұл шара барлық ниет білдірушілерге мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған», — деді Б. Мусин.

Екіншіден, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп АT-мамандықтары бойынша бағдарламаларды өзгертуге дайындық жүргізілуде.

Үшіншіден, университеттермен АТ-дағдылары бар салалық мамандарды даярлау мақсатында АT-мамандықтарды бейінді өндірістермен біріктіру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Мемлекет басшысы белгілеген екінші бағыты – ұлттық компаниялардың АT-нарығымен тығыз өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. 

«Бұл үшін отандық бағдарламалық қамтылым тізілімі әзірленіп қойылған. Осы тізілім арқылы өнімдерді сатып алуды жүзеге асыруға негіз болып табылады», — деді Б. Мусин.

Бұдан басқа, бүгінде АT-нарығы мен ұлттық компаниялар арасында коллаборацияны қамтамасыз етуге арналған SIMP платформасы жұмыс істейді.

Үкіметтің қолдауымен АT-нарығын дамыту мақсатында ;$20 млн сомасында венчурлық ерте қаржыландыру қорын құру пысықталуда. 

«Мұның барлығы бізге, Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, 2025 жылға қарай АT-қызметтері мен өнімдері экспортының көлемін кемінде $500 млн арттыру бойынша алға қойылған мақсатқа қолжеткізуге мүмкіндік береді», — деді Б. Мусин.

Мемлекеттік басқаруды цифрландыру жетілдірілуде

Мемлекеттік басқаруды цифрландыруға қатысты екі тапсырма берілді. Бұл – Цифрлық трансформация орталығының қызметін күшейту. Орталық қазірдің өзінде процестерді реинжинирингтеу бөлігінде нақты нәтижелер беріп жатыр. 

«Егер қалай болғанын салыстыратын болсақ, онда нормативтік-құқықтық актілер мен заңдар негізінен алғышарттары болып, біз бар бизнес-процестерді цифрландырдық. Енді ЦТО ретсіздікті автоматтандырмау үшін процестерді қайта қарау бойынша жұмыс жүргізетін болады», — деді Б. Мусин.

Реинжиниринг арқылы өткен процестер платформалық модельде автоматтандырылатын болады. Платформалық модельге өтудің алғышарттары түсінікті. Мемлекет басшысы оларды нақтылады.

Бүгінде 400 ақпараттық жүйе бар. Алайда, біріктірулерге байланысты проблемалар туындайды. Бұл мемлекеттік қызметтерді электрондық алаңдарға шығаруға кедергі келтіреді.

«Платформалық модельге өтудің жиынтығы ретінде data-driven government тұжырымдамасын іске асыру болады. Бұл адамдық-орталықтық тәсіл негізінде мемлекеттік қызметтердің 100 пайыз қолжетімділігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деді Б. Мусин.

Қазақстанның ақпараттық-телекоммуникациялық әлеуеті кеңеюде

Министр атап өткендей, COVID-19 пандемиясы Азия мен Еуропа арасындағы Орталық Азиялық цифрлық орталыққа айналу перспективасын ашты.

Бұл үшін, министрдің айтуынша, қазіргі уақытта телеком операторларымен бірлесіп, Қазақстанның қолда бар мүмкіндіктерін, оның ішінде «Британдық құқықты» қолдану бойынша мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Азия мен Еуропа арасында жасыл энергетиканы дамытуды және әлемдік цифрлық платформалар үшін «Жасыл хаб» құруды ескере отырып, жаңа желілер салу мәселесін пысықтау жоспарланған.

«Әлемдік үрдіске сәйкес платформалар өз клиенттеріне жақын жерде орналасқан ең ыңғайлы өңдеу, сақтау және қызмет көрсету үшін қажетті орын іздейді. Бізде Еуразия орталығында осындай цифрлық орталықтың нақты мүмкіндігі бар. Осы мақсатта Мемлекет басшысының қарауына енгізілетін тиісті тұжырымдама мен жоспар әзірленетін болады», — деп түйіндеді Б. Мусин.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу