«Qazaq Air» жаңа өңірлік тасымалдаушысының қызметтерімен 900-дан астам жолаушы пайдаланды

Тамыздың соңына қарай «Qazaq Air» қазақстандық әуе тасымалдаушысы ҚР ИДМ ААК-нен ұша бастауға барлық рұқсат құжаттарын алды және Вombardier Q400 турбовинтті әуекемесін лизингке алу туралы келісім-шарт жасалды, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» АҚ. 
 
 
«2015 жылғы 6-шы тамызда Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Qazaq Air» әуекомпаниясына әуе тасымалдарын орындауға құқық беретін №KZ-01/018 Эксплуатант сертификатын берді. 2015 жылғы 27-ші тамызда «Qazaq Air» АҚ Азаматтық авиация комитетінен ұшуларды орындауды бастау үшін қажетті барлық рұқсат құжаттарды алды», - делінген хабарламада.
 
Холдингте атап өткендей, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) ИАТА «Qazaq Air» АҚ-ына IQ екі әріптік кодын беріп, өзінің мәліметтер базасын жаңартты. Жаңа әуекомпания және оның коды туралы хабарламалар әуекомпаниялардың кодтарына қатысты ИАТА Бюллетені арқылы барлық авиация индустриясына жарияланды. Әуекомпания екі әріптік ИАТА кодын брондау, ұшулар кестесі жүйелерінде, телекоммуникацияда және басқа да көліктік коммерциялық мақсаттарда идентификациялау үшін қолданады.
 

Осылайша, «Qazaq Air» АҚ барлық қажетті құқықтық процедураларды, сонымен қатар ұшуларды бастауға қажетті барлық инженерлік-техникалық жұмыстарды азаматтық әуекемелермен коммерциялық тасымалдауларды орындауды реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес орындады.

Басқарушы коомпанияның мәліметінше, 2015 жылғы 27-ші тамызда «Qazaq Air» АҚ аймақтық бағыттар бойынша (Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар) жолаушыларды тасымалдауды бастады. 28-ші тамызда әуекомпания Алматыдан Павлодарға алғашқы рейсті орындады, ал 30-шы тамызда Шымкент-Павлодар-Шымкент алғашқы рейсті орындады. «Павлодар Әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Иванович Юдиннің айтуынша, Павлодар мен Шымкент қалаларының арасындағы әуеқатынас 10 жылдан астам уақыт болмаған және «Qazaq Air» - аймақтық әуекомпаниясы оны қалпына келтірген алғашқы әуекомпания.

Айта кеткен жөн, алғашқы бес күн ішінде аймақтық тасымалдаушының қызметтерін 900-ден астам жолаушы пайдаланды.

Еске салсақ, 2015 жылғы 1 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ «Qazaq Air» АҚ аймақтық әуекомпаниясын құрды.

«Qazaq Air» АҚ – Қазақстандағы аймақтық бағдарлар бойынша қызмет көрсететін жаңа әуекомпания, Қоғам акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі.
 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу