2016 жылы «Алматы-Қапшагай» тас жолын жөндеу аяқталады - ҚР ИДМ

«Алматы-Қапшағай» тас жолының құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму министрлігінде. 

«Құрылыс жұмыстарын 2016 жылы аяқтау жоспарлануда», - делінген ҚР ИДМ басшысы Әсет Исекешевтің Алматы облысына жұмыс сапары қортындысы бойынша хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы-Қапшағай трассасының 104 км жөндеумен қамтылған, оның 10 километрін жыл аяғына дейін тапсыру жоспарланған. Трассаның 63 км көлік жүріп өтуге арналған 6 жолақты болып, ал қалған 41 км – 4 жолақты болып реконструкцияланады деп жобалануда. Бұл жол І техникалық санат нормативтері бойынша цемент-бетон жамылғымен салынатын болады»,- делінген хабарламада.

Бұдан өзге, министрге АҮААЖ жобасын іске асыну жоспарларын жайында баяндалды. Айналма жолдың ұзақтығы 66 км. Бұл жол І техникалық санат параметрлері бойынша 6 және 4 жолақты қозғалысқа арналып салынады. Жорамал бойынша, жолдағы қозғалыс жиілігі тәулігіне 38 мың автомобиль, қозғалыстың есепті жылдамдығы – 150 км/сағ болмақшы.Аталмыш жолда 8 жол айырығын, 19 көпір, 19 эстакада және жол өтпесін салу көзделген.

Жоба бойынша конкурс жөніндегі хабарландыру 2014 жылдың аяғына дейін өткізіледі.

«Бұл жобалар Президент  тапсырамасы бойынша жүзеге асырылтан анық», - деп түійіндеді министрлікте. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу