2017 жылы 300-ге жуық қазақстандық радикалдық ағымнан дәстүрлі дінге ауысты

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ҚР Үкіметіндегі брифинг барысында биыл бастапқыда радикалды көзқараста болған 300-ге жуық адамды діннің дәстүрлі арнасына ауыстыру мүмкін болғанын атап өтті. 

Биыл құрамы қайта жасақталған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысының арқасында осындай нәтижеге қол жеткізілді. Министр келешекте бұдан да көп адамды дұрыс жолға бағдарлау мүмкін болатынына сенім білдірді.

«Бұл жұмыс күшейтілуі керек. Аталған көрсеткіштер көңіл көншітерлік емес», – деді Н. Ермекбаев.  

Бұдан өзге, баспасөз конференциясында министр «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылданатын болжамды күнін хабарлады. 

Заң жобасын желтоқсан айында депутаттардың қолдауымен қабылдау үшін, ҚР Парламентіне 2017 жылғы қарашада ұсыну көзделіп отыр. 

Сондай-ақ, ол заң жобасына түзетулерді әзірлеу кезінде шамамен 50 елдің тәжірибесі ескерілгенін мәлімдеді. 

«Әр мемлекеттің өз ерекшелігі бар. Біз бұған дейін айтып өткендей, Қазақстанға ешбір мемлекеттің тәжірибесін қайталаудың қажеті жоқ. Себебі біздегі жағдай бірегей – біздің өз дәстүрлеріміз, тарихымыз бар. Сондықтан да біз шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастың өзімізге тән жеке үлгісін қалыптастырамыз», – деп сөзін түйіндеді министр. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу