Қазақстанда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздарды жеңілдікті несиелеу тетіктері іске асырыла бастады

Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздарды жеңілдікті несиелеу тетіктерін іске асыру басталды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді.

Роман Скляр тұрғындар үшін ипотекалық қарыздар бойынша нарықтық мөлшерлемені төмендету мақсатында мемлекет Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы бастапқы жарнаның 30% төлеген жағдайда ЕДБ ипотекасы бойынша шығындарды өтейтінін баяндады.

Субсидияларды ескере отырып, тұтынушы үшін соңғы мөлшерлеме 10% құрайды, оған қоса қарыздар жаңа салынған үйлерден тұрғын үй алуға субсидияланады. Астана және Алматы қалаларында несиелер 20 млн теңгеге дейінгі, өңірлерде – 15 млн теңгеге дейінгі сомада беріледі. Республикамыздың 11 өңірінде халықты жеңілдікті мөлшерлеме бойынша несиелеу жүргізіліп жатыр.  

Бүгінде 10 банк бағдарламаны іске асыруды бастауды жоспарлап отырса, 3-уі ипотеканы белсенді іске асырып жатыр, қазіргі уақытта олар азаматтардан ипотека алуға өтінімдер қабылдауда.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін несиелік тұрғын үй құрылысы қарастырылған. Тұрақты табысы бар азаматтар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жеке баспана алу мүмкіндігіне ие болады. Оған қоса, бастапқы жарнаның төменгі шегі мен қарыздар бойынша ең аз мөлшерлемелер қарастырылған. Бүгінгі таңда жоспарланған 15 мың пәтердің 6140 несиелік пәтері салынған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу