Қазақстанда «Кәсіби одақтар туралы» жаңа заң қабылдау қажет – С.Ахметов

Әлеуметтік диалогтың барлық деңгейінде тиімділікті арттыру мақсатында «Кәсіби одақтар туралы» жаңа заң қабылдау қажет, деп мәлімдеді Премьер-Министр Серік Ахметов ҚР Әділет министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында.
                                        

«Елбасы әлеуметтік диалогтың барлық деңгейінде тиімділікті арттыру қажет екенін және осы мәселеге кіріспей тұрып, пайда болған сұрақтарға дер кезінде жауап табу керектігін айтқан болатын. Сондықтан, жаңа заң қажет, ол кеңес дәуірінен бері өзгерген емес», - деді С.Ахметов.

                                        
Премьер-Министр жаңа заңның маңыздылығы мен қажеттілігін атап кетті. Оның айтуынша, ол үш жақты комиссияда, жұмыс берушінің, жұмысшы мен Үкіметтің арасындағы диалогта маңызды демеу болады.

Сонымен қатар, С.Ахметов республиканың нотариалдық жүйесін сынға алып, оны реформалау керектігін айтып кетті.

«2011 жылы нотариустар санын үлестеу институты жойылған болатын, бірақ одан сапа жақсармады. Керісінше, нотариустардың өздеріне қатысты азаматтық қылмыстық істердің саны күрт өсіп кетті», - деді Үкімет Басшысы.

Оған қоса, нотариус қызметтеріне деген сұраныстың төмендегені байқалса да, аталған қызметтерге қолжетімділік мәселесіәлі де қалғанын айтты.

«Өңірлердегі мәселе тым ушығып кеткен. Мысалға, республикадағы бірқатар өңірлерде бір ғана нотариус, нақты айтсақ, Атырау облысында Макарский, Павлодар облысында Лебяжинский, Майский и Щербактинский қызмет көрсетеді. Осыған шара қолдану керек», - деді Серік Ахметов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу