Қазақстанда МӘМС Қорының веб-сайтының жаңа нұсқасы іске қосылды

ҚР Үкіметі отырысы барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Елена Бахмутова МӘМС-ға арналған жаңа веб-сайттың ерекшеліктері туралы айтып берді.

Ол медициналық сақтандыру жүйесі туралы азаматтардың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында 21 шілдеден бастап мемлекеттік және орыс тілдерінде ыңғайлы интерфейспен және нашар еститін азаматтарға арналған нұсқасымен Қордың веб-сайтының жаңа нұсқасы іске қосылғанын хабарлады. Сайтта төлеушілерге қажетті барлық нұсқаулықтар, бос жұмыс орындары, мемлекеттік сатып алулар туралы хабарландырулар, барлық нормативтік құқықтық база, сондай-ақ қазіргі уақытта тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында жұмыс жасайтын клиникалардың тізімі жарияланған.

«Сайтта сондай-ақ төлемдердің қандай мөлшерін жүйеге аудару керектігін өз бетінше көріп, білуге болатын калькулятор орналасқан. Бұдан өзге, ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірге денсаулық сақтау министрлігі egov порталының жеке кабинетін төлемдер жүйесімен ықпалдастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жеке тұлға үшін Қорға аударылған төлемдер туралы мәліметті кез келген азамат қыркүйектен бастап жеке кабинетінде көре алуы үшін қажет, ал 2018 жылдан бастап онда сақтандырылғандығы мәртебесі туралы ақпарат орналастырылады», — деді Е. Бахмутова.

Сондай-ақ, ол сайтта «Халық бақылауы» арнайы бөлімі құрылғанын, сол арқылы пайдаланушылар нақты бір клиниканың жұмысына өз тілектері мен шағымдарын қалдыра алатынын хабарлады. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу