Нұр-Сұлтанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті

2022 жылғы 10 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің төрағасы Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен ТМД Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті. Шара барысында көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалықты қабылдады.

Күн тәртібіне 15 мәселе енгізілді.

Отырыс барысында қатысушылар туындаған проблемаларға ден қоюдың бірлескен шараларының тізбесін мақұлдады, қатысушылар оны әзірлеу туралы биыл наурызда өткен экономикалық кеңестің отырысында уағдаласты.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі экономикалық жағдайдың мониторингі бойынша сарапшылар тобы дайындаған бұл құжат ұлттық экономикаларға сыртқы экономикалық қатерлерді нивелирлеуге, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.

«Бүгінгі күрделі экономикалық жағдайда сауда-өнеркәсіп палаталарының ынтымақтастығы сауда және кооперациялық байланыстардың тұрақтылығын қамтамасыз етуде, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тапшылығын болдырмау, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қосымша резервтер іздеуде елдеріміздің кәсіпкерлік қоғамдастығына жәрдемдесуі тиіс және жәрдемдесе алады», — деді Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ қызметтер саудасы, құру, қызмет көрсету және инвестицияларды жүзеге асыру туралы келісімнің жобасын әзірлеу процесі талқыланды. Айта кетейік, 2011 жылғы тауарлардың еркін сауда аймағы туралы келісіммен қатар, бұл өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететін экономикалық саладағы өте маңызды құжат. 

Отырыс шеңберінде 2019-2021 жылдары ТМД-ға қатысушы мемлекеттер палаталары басшылары кеңесінің қызметі туралы есеппен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер палаталары басшылары кеңесінің төрағасы, Түрікменстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Довлатгелді Реджепов сөз сөйледі. ТМД Атқарушы Комитеті мен Кеңес арасында тығыз ынтымақтастық қалыптасқаны, іскерлік байланыстар орнатылғаны, жүргізіліп жатқан жұмыстарды өзара ақпараттандыру мен үйлестіру жолға қойылғаны атап өтілді.

Сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын Мемлекеттік билік органдары басшыларының консультативтік кеңесінің төрағасы, Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық резервтер департаментінің бастығы Евгений Бондарь 2017-2021 жылдары ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік билік органдары басшыларының консультативтік кеңесінің қызметі туралы ақпарат ұсынды.

Консультативтік кеңестің маңызды міндеті – табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы қазіргі жаһандық сын-қатерлерге жауап ретінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін нығайту мақсатында мемлекеттік материалдық резервтер органдарының өзара іс-қимылын жүзеге асыру.

Баяндамаларды тыңдағаннан кейін қатысушылар 2019-2021 жылдары ТМД-ға қатысушы мемлекеттер палаталары басшылары кеңесінің қызметін және 2017-2021 жылдары ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік билік органдары басшылары Консультативтік кеңесінің қызметін мақұлдады.

Делегация басшылары Экономикалық кеңестің кезекті 95-ші отырысын 2022 жылғы 23 қыркүйекте Мәскеуде өткізу туралы шешім қабылдады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу