Үкіметте мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері талқыланды

Үкімет Аппараты басшысының орынбасары  Құндызбек Әбдірасыловтың төрағалығымен 2023 жылғы бірінші жарты жылдықтағы жұмыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік  аппараттың қызметін бюрократиядан арылту мәселелері қаралды. 

Атап айтқанда,  барлық дерлік мемлекеттік органдар бірыңғай бұлтты құжат айналымына көшті, мұның өзі мемлекеттік қызметшілер тарапынан шешімдер қабылдауды жеделдетуге, тапсырмаларды тікелей бақылауды қамтамасыз етуге және қағаз құжат айналымын азайтуға мүмкіндік береді.  

Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау процесін бірыңғай бұлтты құжат айналымы «Е-заңнама»  модуліне ауыстыру жоспарлануда, сол арқылы мемлекеттік қызметшілер үшін құжаттау үрдісі жеңілдейді, бұл соның ішінде «бір терезе» форматына көшу есебінен мүмкін болады.

Сондай-ақ кеңесте мемлекеттік органдарда  цифрлық «Е-архив» жүйесін енгізу мәселесі де талқыланды.  Ішкі процестерді цифрландыру мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жеңілдетуге бағытталуы тиіс, мұның өзі азаматтармен өзара іс-қимыл кезінде оң тиімді нәтиже беретін болады. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу