Үкіметте Халықаралық валюта қорымен өзара түсіністік туралы меморандумды бекіту мәселесі қаралды

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасы мен Халықаралық валюта қорының Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жасасу мәселелесі бойынша жиын өткізді.

Жиынға Ұлттық банк пен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кеңесті қорытындылай келе, Е. Жамаубаев Ұлттық банкке Сыртқы істер және Әділет министрліктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық валюта қорының Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту орталығы арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасасудың кейбір мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу