22 Тамыз 2018, 12:35
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) отырысы өтті.
Отырыс барысында өткен жылғы ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндама тыңдалып, талқыланды, сондай-ақ, ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру және 2019–2021 жж. ғылымды гранттық қаржыландыру мәселелері қаралды.

Өз баяндамаларында Ұлттық ғылым академиясының президенті М. Жұрынов пен білім және ғылым министрі Е. Сағадиев 2017 ж. ғылымды дамытудың басым бағыттары туралы айтты. Олардың қатарында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, шикізат пен өнімдерді қайта өңдеу, энергетика және машина жасау, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылым, еліміздің зияткерлік әлеуеті бағыттары бар.

Отырыс қорытындысы бойынша ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндама Мемлекет басшысының қарауына ұсынылады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу