«Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020» бойынша 2014 жылдың соңына дейін 30 мыңға жуық жұмыс орны құрылады – Д.Арғандықов

«Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020» бағдарламасын үш бағыт бойынша жүзеге асыруға мемлекет шамамаен 169,4 млрд теңге бөлді, барлығы 364 мыңнан астам қазақстандық осы құжат аясында қолдауға ие болды. Бұл қаражатқа қандай жұмыс жасалды, қанша жұмыс орны құрылды, жер-жерлерде қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанын және басқа да мәселелер бойынша Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Дәулет Арғандықов айтып берді.

- Дәулет Рашидұлы, елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін Үкімет қандай шаралар қабылдап жатыр? 

- Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында елімізде «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Онда халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға, әлеуметтік қолдау шараларын нығайту, жұмыссыздық өсуін төмендетуге бағытталған шаралар шоғырланған. Бағдарлама үш кезеңнен құралған. «Пилоттық жылды» жүзеге асыруға республикалық бюджеттің шығындары шамамен 41 миллиард теңгені құрады. 2012 жылдан 2015 жылға дейін екінші кезең басталып, 2016 жыл мен 2020 жыл аралығында ол қортынды айналымын бастайды. Екінші кезеңді жүзеге асыруға қаржыландыру көлемі 70 миллиардтан астамды құрады. Келешекте бағдарлама аясында жыл сайын 100 миллиардтан кем емес қаржы бағыттау жоспарланған. Қаржыландыру көлемдері, міндеттер сияқты нақты мақсаттардан құралған, олар Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болып саналатын республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға қабілетті. Жұмыссыздық деңгейіне байланысты соңғы 5 жылда ол 1,4%-ға төмендеді. Біз үшін бұл нақты нәтиже және ұмтылатын нәрселер де бар.

- Жас, жыныс, тұрғылықты өңір бойынша ресми жұмыссыздық құрылымы қандай?


- Бірнеше жылда елімізде жұмыспен қамтылған халық саны артып, бүгінде 8 миллионнан астам адамды құрады. Биылғы жылдың екінші тоқсанында республикамыздағы жұмыссыздар саны 461 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 1,8 %-ға азайып, сонымен бірге республика бойынша жұмыссыздық деңгейі бұрынғы деңгейінде қалды және 5,1%-ды құрады. Біздің ведомство жүргізген талдауға сәйкес олардың арасында әйелдер көп екендігін көрсетті. 2014 жылдың ІІ тоқсанында 200 мыңнан астам адамды құрады, ал жұмыспен қамтылмаған ер адамдар саны 250 мыңнан астам адамды құрады. Бір алаңдатарлығы жұмыссыз қазақстандықтардың басым бөлігі еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Бұл 25 пен 34 жас аралығындағы жастар. Жастар мен зейнетақы алдындағы тұлғаларға келетін болсақ, бұл екі жас категориясы мемлекеттің қолдауымен сәйкес жұмыс табуға мүмкіндіктері бар. Өңірлерді алсақ, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, Алматы және Астана қалаларында байқалып отыр.

- Өңірлер бойынша жұмыспен қамту нарығын талдау не көрсетеді? Өңірлерде қандай проблемалар бар?


- Жоғарыда аталған өңірлерде орта есеппен алғанда соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі республика бойынша алғанда жоғары болды. Оған қоса, Алматы және Астана қалаларында жұмыссыздардың басым бөлігі елдің басқа өңірлерінен келіп жатқан еңбек ресурстарының көптігіне байланысты болып отыр. Ал, Оңтүстік Қазақстанға келетін болсақ, бұл көрсеткіш кеңес дәуірінен бері сақталып келеді, және өнеркәсіптік даму деңгейінің жоғары болуымен қатар халық тығыздығының жоғары деңгейіне байланысты. Маңғыстау облысында жұмыссыздықтың жоғары деңгейі еңбек мигранттарының жоғары ағынына байланысты болып отыр. Мсыалға, соңғы бес жылда Жаңаөзен қаласы халқыны саны екі есеге артқан. Сонымен бірге, жаңа тұрақты жұмыс орындарының жеткілікті саны ашылып жатқан жоқ. Жұмыссыздық деңгейін өңірлерге бөлуді талдау осы қарым-қатынаста проблемалық өңірлерді анықтауға мүмкіндік береді. Жұмыс қолының көптігі еліміздің оңтүстік өңірлерінда байқалуда, ал Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, павлодар облыстарында керісінше еңбек ресурстары жетіспейді. Жұмыспен қамту бағдарламасында сәйкес экономикалық әлеуеті төмен өңірлерден экономикалық белсенді орталықтарңа өз еркімен көмектесі қарастырылған.

- Біздің моноқалалардағы еңбек нарығындағы жағдай қандай?


- Елімізде барлығы 27 моно қала бар екендігі белгілі. Бүгінде онда 2 миллионға жуық ада тұрады, немесе ол қала халқы санының 16,8 %-ын құрайды. Моноқалалардағы жұмыспен қамту негізінен қала құраушы кәсіпорындар есебінен қамтамасыз етіледі, және еңбек нарығындағы жағдай түрлі ауытқуларға ұшырайды.Бұл осы кәсіпорындар қызметінің өнімділігіне байланысты. Осылайша, жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай жоғары болмаса да, жұмысшыларды жаппай босату қаупі бар. Мысалға, кәсіпорынның бөлшекті немесе толықтай тоқтауына байланысты.Бар проблемаларды шешу үшін мемлекет «2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламаларын жүзеге асырады.

- Бүгінде Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелері туралы айта аласыз ба?

- «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру халық арасында кәсібилік деңгейін арттыруға, еңбекпен қамтуға, еліміздің азаматтарына тұрғылықты орны бойынша жеке бизнесті ашу және кеңейтуге көмектеседі. Мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда мемлекет экономикалық әлеуметі төмен елді мекендерден экономикалық әлеуметі жоғары елді мекендерге және экономикалық өсім орталықтарына көшуге көмектесуге дайын.

Бағдарламаны іске асырудың алдын-ала нәтижелері таңдалған бағыттың дұрыс екенін куәландырады.

Бірнеше ғана санды көрсетейік. БЖК 2020 бағдарламасын іске асыру кезінде мемлекеттік қолдауды 364 мың азамат алған, соның ішінде 197 мың (54,1%) – 29 жасқа дейінгі жастар және 174 мың (47,7%) – әйелдер.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2014 жылы 1 944 жобаны іске асыру қарастырылған, 22,9 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.

2014 жылдың 1 қыркүйегінде жобалар аясында 15 787 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 8 585 – Бағдарламаға қатысушылар немесе жұмысқа орналастырылғанның 54,4 %.

Екінші бағыт аясында 7 988 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтті. Шағын несиені 7 797 адам алды, соның ішінде 4 703 адам жеке шаруаларын ашты. 2014 жылдың 1 қыркүйегінде шағын несие алушыларға қосымша 4 990 жұмыс орны ашылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 31,5 мың адам оқуын жалғастыруда. 2014 жылдың 1 қыркүйегінде 18,5 мың адам оқуын аяқтады, соның ішінде 8,6 мың адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына ағымдағы жылы 19,2 адам жұмысқа орналасты. Бір айлық еңбекақының орташа мөлшері 46,7 мың теңгені құрады. Жастар тәжірибесіне 16,4 мың адам бағытталды.

Ары қарай – жұмыс берушінің қажеттілігі шектерінде еңбек ресурстарының жұмылдырғыштығын жоғарылату бағыты бойынша. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңі ішінде 1224 үйдің (4561 пәтер) құрылысы аяқталды. Бағдарламаға қатысушылар және олардың отбасы мүшелері 1195 үйге (4335 пәтер) немесе қолданысқа енгізілгеннің 97,6% қоныстандырылды. Бүгінде 111 үйдің (616 пәтер) құрылысы жалғасуда және ағымдағы жылдың аяғына дейін 30 үйді (40 пәтер) соғу/сатып алу жоспарланған. Бағдарламаны іске асырудың басталуынан бері 15 мың адам қоныстандырылды, соның қатарында 7,2 мың еңбек етуге қабілетті жаста, оның ішінде - 76,4 % жұмысқа орналастырылды.

Бағдарлама аясында жүргізілетін іс-шаралар республиканың еңбек нарығындағы жағдайына оңтайлы түрде әсер еткенін толық сеніммен айтуға болады. 2011 жылмен салыстырғанда, 2014 жылдың ІІ-тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайыз тармағына төмендеп, 5,1 %-ды құрады. Сондай-ақ, ауылдағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді, егер 2011 жылы ол 4,9% құраған болса, 2014 жылдың II-тоқсанында ол 4,7 % құрады.

Жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бағдарламасын іске асыру жастар арасында жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге септігін тигізді. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың II-тоқсанында 4,6 % деңгейінде (15-28 жас аралығы) қалыптасты, сол кезде 2012 жылы бұл көрсеткіш 5,4% құраған болатын.

2014 жылдың бірінші жартысында нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар саны 228,8 мың адамға қысқарды (2014 жылдың II-тоқсанында - 782,2 мың адам, 1.01.2014 жылы - 1 010,9 мың адам).

Бағдарламаны іске асыру өз жемісін бере бастады, оны көптеген қазақстандық абыроймен бағалады. Бұл көрнекті, себебі, ол елдің азаматтарына лайықты өмір сүруді қамтамасыз ету республика халқын әлеуметтік қорғаудың негізі, адами ресурстардың дамуы мен оны іске асырудың аса маңызды шарты, сондай-ақ, қоғамдық байлықты арттыру мен Қазақстандағы көп ұлтты халықтың өмір сүру сапасын жоғарылатудың негізгі құралы болып табылады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу