«Өнімділік-2020» бағдарламасы кәсіпкерлердің 27,5 млрд теңге мөлшеріндегі шығындарын өтеді
«Өнімділік-2020» бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңінде (2011-2014 жылдары) кәсіпкерліктің кемінде 140 субъектісіне жалпы сомасы 27,5 млрд теңге мөлшеріндегі шығындар өтелді, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқармасының төрағасы Айдын Құлсейітов мәлімдеді.
ҮИИД МБ бірінші бесжылдығын және оның шеңберіндегі бағдарламаларды іске асыру ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құруға түрткі болды және көптеген көрсеткіштердің өсуінің және еліміздің де-индустриялануын тоқтатудың басты драйверлерінің бірі болды.
«223 индикатордың 72% орындалды немесе артығымен орындалды, тағы 19% бойынша жоспарлы амбициялық көрсеткіштерден сәл ғана артта қалып, базалық 2008 жылмен салыстырғанда, едәуір жақсартылды. Бағдарламаны іске асырудың басты тармақтары: тиісті құқықтық алаң құру, базалық және индустриялық инфрақұрылым салу, өндірушілерді ынталандырудың жаңа құралдарын енгізу, жаңа индустриялық жобаларды жаппай іске қосу, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті одан әрі сапалы дамыту үшін негіз құру болды», - деді А.Құлсейітов.
Мысалы, Қазақстан экономикадағы еңбек өнімділігі бойынша топ-50 елдің және оның өсімі бойынша топ-20 елдің қатарына кірді, бұл ретте, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі бойынша ЭЫДҰ жетекші елдерінен алшақтықты 14%-ке қысқартты.
Бизнесті мемлекеттік қолдау шараларына байланысты іс жүзіндегі ЖІӨ өсімі 35,6% болды (жоспарлы 38,4% орнына), өңдеу өнеркәсібі қарқынды өсе бастады (өңдеу секторындағы өндірістің ФКИ – 22,8%, ал тау-кен өндіру секторында – 20,4% болды).
2015 жылы Қазақстан 2-индустриялық бесжылдықты іске асыруға кірісті, алайда, сыртқы экономикалық және геосаяси факторлардың күшті теріс әсерін ескере отырып, Мемлекеттік бағдарламаны жаңа жағдай мен технологиялық трендтерді назарға ала отырып өзектендіру туралы шешім қабылданды.
Экономикалық саясаттың одан арғы шаралары жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы: «Еңбек өнімділігінің өсіміне, жеке бизнестің қатысу үлесін ұлғайтуға негізделген сервистік-индустриялық модельге көшу керек. Мемлекет қолдау шараларын бәсекеге қабілетті компанияларға ғана көрсетуге тиіс», - деді.
«Мемлекеттік бағдарлама бұрынғыдай өңдеу секторын ынталандыруға бағытталатын болады. Бизнестің экспортқа бағытталуы салалар мен кәсіпорындарды қолдаудың негізгі мақсатты индикаторы болады. Қолдаудың жалпы жүйелік шараларына (жағдай жасауға) негізгі күш-жігер жұмсалады, еңбек өнімділігін, шығындарды азайту мен адам капиталын дамытуды ынталандыруға көшіп, бәсекелестікке теріс әсерін тигізетін шаралардан бірте-бірте толығымен бас тарту көзделген», - дейді ол.
Бағдарлама 2011 жылы бекітілді және еңбек өнімділігін арттыру арқылы экономиканың басым салаларындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз