«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері ертең Үкімет отырысында қаралады

Ертең 14 мамырда Үкімет отырысында «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын орындау барысын талқылау жоспарлануда, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев. 


«Үкімет отырысында «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы және еліміздегі құрылыс индустриясын дамыту мәселелері талқыланады», - деді А.Әбибуллаев. 
 
                       

Сонымен қатар, ол отырыста Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі жағдайлары мен перспективалары туралы баяндама жасайтынын атап өтті. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу