«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері вице-премьер Б.Сапарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары барысында талқыланды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында еңбек ұжымдарымен кездесіп, ағымдағы жылғы 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру бойынша жиын өткізді.

Жиында Атырау мұнай өңдеу зауытында «Нұрлы Жол» бағдарламасының және жұмыс орнын сақтау, жұмыспен қамтамасыз ету, өндірістік үрдістерді тұрақтандыру, жергілікті қамтуды дамыту бойынша бұдан бұрын жасалған меморандумдардың орындалу барысын талқылады. Осыған байланысты отандық тауар өндірушілерді қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Отырысқа меморгандар мен өңірдің ірі компанияларының басшылары қатысты.

Мәжіліс қатысушыларына арнаған сөзінде Б. Сапарбаев «меморандумда көзделген ынтымақтастық бойынша бастамалар бүгінгі экономикалық сын-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік беретінін» атап өтті. Ол: «мемлекет, бизнес пен кәсіподақтың бірлескен күші халықты жұмыспен қамтуды төмендетуге жол бермеуге мүмкіндік береді, күрделі кезеңде бизнеске айтарлықтай қолдау көрсетеді», - деді.

Жиын қорытындысында, вице-премьер қабылданған меморандумдар аясындағы барлық міндеттемелерді сақтау қажеттігін баса айтты. Әсіресе бұл әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеуге қатысты.

Сапар барысында Б. Сапарбаев облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту барысымен танысты.

Вице-премьер «Алмалы құс» фабрикасына барды. Ол өткен жылдың аяғында пайдалануға берілген, өңірдің импорттық өнімге сұранысын едәуір төмендетті. МЖӘ негізінде құрылған кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 30 млн. жұмыртқа шығаруға мүмкіндік береді.

Импорт алмастыруға «Сарайшық» ешкі өсіру мен ешкі сүтін, етін қайта өңдеу мал шаруашылығы кешені, «СП «Первомайский» сүт-тауарлық фермасы мен «АтырауАгроСервис» жылыжайлары үлгі болып табылады. Осы кәсіпорындардың еңбек ұжымымен Премьер-министрдің орынбасары кездесу өткізді, онда Үкіметтің жүргізіп отырған әлеуметтік саясаты жайлы айтылып, сұрақтарға жауап берілді.

Бейбарыс ауылында Б. Сапарбаев шалғайдағы ауыл тұрғындарына әлеуметтік қызмет көрсету бойынша құрылған мобильдік топ жұмысымен танысты. Ағымдағы жылғы 15 сәуірге дейін жалғасатын акция арқасында ауыл тұрғындары зейнетақы, жәрдемақы ресімдеу үшін облыс орталықтарына жүгінбейтін болды. Жедел топ арқасында олар сол жерде құжаттарды ресімдеп, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу жағдайымен танысады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу