ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің IV «Astana Invest 2013» форумында сөйлеген сөзі
Құрметті Форум қатысушылары! Ханымдар мен мырзалар!
Астана экономикалық форумының аясында дәстүрлі түрде өткізілетін «Aстана Инвест-2013» төртінші форумына қош келдіңіздер!
Республикамыздың жас елордасы Астана еліміздің экономикалық дамуына қуатты серпін берген заманауи Қазақстанның ілгерілеуі мен серпінді өзгерістерінің көрінісіне айналды.
Мемлекет Басшысы қолдауының арқасында қала еліміздің ірі саяси, экономикалық орталығына, сонымен қатар өңірдегі маңызды халықаралық оқиғалардың орталығына айналды.
Астананың экономикалық, іскерлік және адами әлеуеті инвестициялар, перспективалық өндірістер құруға, зияткерлік қызметтер саласын дамытуға маңызды перспективалар ашады.
Қаланың Еуразия орталығында ыңғайлы орналасуы үлкен коммуникациялық мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Елорда Астанаға көшірілгеннен бастап қала халқының саны үш есеге артып, 800 мыңға жуық адамды құрады. Сондықтан, қаланың қазіргі экономикалық мүмкіндіктерін барынша пайдалану маңызды.
Жалпы алғанда Астана экономикалық жетілдірудің және елімізде озық инновацияларды енгізудің қозғаушы күшіне айналуға барлық алғы шарттарға ие. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев осындай тапсырма берді.
Соңғы жылдары іскерлік ортаны жақсарту, іскерлікті қолдау және жағымды инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша жүйелі қадамдар жасалған.
Нақты айтқанда, бизнес бастамаларды жүзеге асыру үшін қолайлы фикстік жағдайлар жасалған.
Рұқсат жүйесі жүйелендіріліп, оңтайландырылуда. Үстіміздегі жылы салықтық әкімшілік ету бойынша іс жүзіндегі қадамдар қабылданған.
Еліміз өңірдегі ең инвестициялық тартымды болып сипатталады. Өткен жылдарда елімізге 170 миллиард доллардан астам тікелей шетел инвестициялары тартылған.
Қазақстан жан басына шаққандағы жалпы тартылған шетел инвестицияларының көлемі бойынша ТМД елдерін басып озып, көшбасшы болды (1,5 еседен артық).
Нақты бизнес бастамаларға қолдау көрсету, іскерлік ахуалды одан әрі жетілдіру, мемлекеттік-жекеменшіктік ынтымақтастықты кеңейту Үкімет қызметінің басым бағыты болып табылады.
Біз – Бизнес қауымдастықтар тарапынан кез-келген іскерлік бастамалар мен ұсыныстарды қарауға дайынбыз.
Елорда дамуының перспективалық бағыттары туралы айтатын болсақ, Астана «ақылды шешімдер» мен Смарт-технологияларға негізделген «Болашақтың қаласы» тұжырымдамасы бойынша қалыптастырылатынын айтып кеткім келеді.
Астананың дамуы оған Қарағанды қаласы және Шучинск-Бурабай курорттық аймағы перспективасында тарту арқылы агломерациялық дамудың перспективалық аймағы ретінде қаралады.
Жалпы алғанда Астана агломерациясы бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтердің халықаралық орталығы болып қалыптасудың маңызды әлеуетіне ие: білім беру, медициналық, туристік, инновациялық жән басқалары.
Осыған байланысты елордаға заманауи технологиялар қажет. Олар ең алдымен энергия үнмедеуге, «жасыл» экономиканы дамытуға және заманауи технологиялық шешімдерді трансферттеуге бағытталуы тиіс.
Өздеріңізге де мәлім, 2017 жылы Астанада ЭКСПО–2017 халықаралық көрмесі өтеді, оның тақырыбы келешек энергиясын дамыту болып белгіленген.
Көрмеге әлемнің жүз елінің жетекші компаниялары қатысады, оған миллиондаған адам келеді.
Сөзсіз, аталған көрмені өткізу айтарлықтай инвестиция ағынына, жаңа аумақты жобаларды жүзеге асыруға, жаңа экологиялық таза өндірістерге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта еліміздегі индустриялдық-инновациялық жетілдірудің екінші кезеңін қалыптастыру бойынша жұмыстар басталды.
Бірінші кезеңді іске асыру Астанада және жалпы елімізде жаңа кәсіпорындар мен өндірістердің үлкен спектрін құруға мүмкіндік берді.
Бұл үдерісте бизнес негізгі орын алады.
Біз барлық ниет білдірген кәсіпкерлер мен инвесторларды өзара әрекеттестікке және ынтымақтастыққа шақырамыз.
Сондықтан, біз «Астана-инвест» сияқты аса маңызды форумның өткізілуін құптаймыз. Ол бизнес қауымдастықтар, инвесторлар, ғалымдар арасындағы диалог пен іскерлік байланыс үшін тиімді алаңға айналды.
Бүгінгі Форумда жаңа іскерлік байланыстар жасалып, маңызды инвестициялық шешімдер қабылданып, Астананы жетілдіруге және экономикалық дамуына бағытталған перспективалық идеялар мен жобалар пайда болады деген сенімдемін.
Сіздерге жемісті еңбек, сындарлы әңгімелесу, шығармашылық шешімдер мен батыл идеялар тілеймін. Назарларыңызға рахмет.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз