Алматы облысында энергиялық тиімді сорғылар өндіретін зауыт іске қосылды

Іле ауданында энергиялық тиімді сорғылар өндіретін зауыттың іске қосылуының нәтижесінде Алматы облысында 50-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Инвесторы — немістің WILO SE компаниясы. Зауыттың ресми түрде ашылу салтанаты келесі аптаға жоспарланған.

WILO SE — инженерлік жүйелерге, сумен жабдықтау жүйелеріне, су тарту және өнеркәсіп салаларына арналған сорғылар мен премиум-санаттың сорғы жабдықтарын өндіретін әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Компанияның әлемнің 60 елінде өкілдігі бар.

Зауыт жылына шамамен 570 бірлік консольдық сорғылар, өрт сөндіру және қысымды көтеруге арналған сорғы станцияларын, қосарланған сорғыларды және т.б. шығарады деп көзделген. Kazakh Invest тарапынан шетелдік инвесторға компания өнімдерін сертификаттауды ұйымдастыруға көмек көрсетілді.

«WILO SE зауытына машина жасау саласының алдыңғы қатарлы технологиялары енгізілуде. Бұл Қазақстан Республикасында осы саланы дамытуға оң серпін береді деп үміттенеміз», — деді WILO SE өкілі.

Технологиялық үдерісте WiloCare инновациялық пакеті пайдаланылатын болады. Ол сорғылар мен жүйелердің жұмысын үнемі бақылап отыруға, оларға техникалық қызмет көрсету мен оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу