Ертең Үкімет отырысында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының орындалу барысы қаралады
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Алтай Әбибуллаев ертең ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралатынын хабарлады.
«14 қаңтарда Премьер-Министр Серік Ахметовтің басшылығымен өтетін Үкімет отырысында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы барысы қаралады»,-деді А.Әбибуллаев.
Бұл бағдарламаның жүзеге асырылу жайы туралы ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішев баяндайды. Сондай-ақ селекторлық режимде өтетін отырысқа облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз