Ертең Үкімет отырысында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» орындалу барысы қаралады

Ертең, 11 маусымда Үкімет отырысында парниктік газдардың шығарылуы саласындағы реттеу мәселелері және «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» қаралады, деп хабарлады баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев. 

«Үкімет тарапынан ертең 11 маусымда Қазақстан Үкіметінің отырысында Қазақстандағы парниктік газдарды шығару саласындағы реттеу мәселелеріне және «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» баса назар аударылады», - деді А.Әбибуллаев.
 
ОКҚ өкілі мәлімдегендей отырыста қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров баяндама жасайды деп жоспарланған. 

Өз кезегінде үкімет міндеттері және «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» орындалу барысы туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов айтып береді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу