Ертең Үкімет отырысында «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысы талқыланады

Бейсенбі, 5 наурыз күні, ҚР Үкіметі отырысында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасының орындалу мәселелері талқыланады, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми Өкілі Алтай Әбибуллаев. 

               

«5 наурызда  Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен отырыс өткізіледі, онда «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимылдар жоспары» тұғырнамасының орындалу барысы қаралады», - деді А.Әбибуллаев.

«Нұр Отан» басқарушы партиясының сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысы туралы бірқатар орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және облыс әкімдері баяндайды», - деп атап өтті ОКҚ өкілі. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу