«Эйр Астана» авиация нарығының көшбасшысы болып танылды - ҚР ИДМ

«Эйр Астана» 41-ші жыл сайынғы Air Transport World Awards салтанатты рәсімінде әуе нарығының көшбасшысы болып танылды, бұл авиация саласындағы ең айтулы салтанат болып саналады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде.

«Эйр Астана» 41-ші жыл сайынғы Air Transport World Awards салтанатты рәсімінде әуе нарығының көшбасшысы болып танылды», - делінген хабарламада. 

Министрлікте басып айтқандай, 25 ақпанда АҚШ-тың бас қаласы Вашингтонда өткен салтанатты шарада «Эйр Астана» президенті Питер Фостер 4,3 мың қызметкер атынан марапатты қабыл алып, әуекомпанияның 12 жылда жеткен жетістігі «ғажайып саяхатқа» айналғанын атап өтті. 

«Әуе индустриясының жүздеген өкілдері алдында сөз сөйлеген «Эйр Астана» басшысы жас әуекомпаниясының еңбегіне жоғары баға берлігеніне мақтан тұтатынын жеткізді және қазақстандықтарға қолдағандары үшін алғыс білдірді. 
Air Transport World Awards-тың бас редакторы Карен Уолкер компанияның тапқырлығын, табысқа ұмтылысын, тұрақты қаржы көрсеткіштерін мадақтады», - деді ҚР ИДМ. 

Ведомствоның мәліметінше, бастапқы капиталы 17 млн. доллар құраған, 2002 жылы құрылған Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы жыл сайын қосымша инвестиция мен кепілдік көмегінсіз тиімділік көрсетіп отыр. Одан басқа, орта жасы 5 жылға тең батыста өндірілген ұшақтан тұратын әуе паркін құрды. ATW Airline Industry Achievement Awards жүлдесі авиация саласындағы ең беделді сыйлықтардың бірі болып табылады. Хитроу әуежайы, «Боинг» пен «Люфтганза» да биылғы жүлденің лауреаттары болып атанды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу