«Қазатомөнеркәсіп» өндіруші компанияларды оңтайландыру есебінен шығындарды қысқартады

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атомдық компаниясы» АҚ өндіруші компанияларды оңтайландыру есебінен шығындарды қысқартады, деп мәлімдеді бүгін трансформациялау бағдарламасын іске қосуға қатысты айтқан сөзінде компания басшысы Асқар Жұмағалиев. 

«Біз кеңселерімізді кен орындарымыздың қасында орналастыру арқылы шамамен 300 млн теңгені үнемдей аламыз», - деді А.Жұмағалиев. 

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы атап өткендей, Алматыдан Шымкентке көшуі тиіс 8 кәсіпорынның 4-еуі көшірілді, қалған 4-еуі жылдың соңына дейін көшірілетін болады. 

«Қызылордада болуы тиіс кәсіпорындардың 2-уі көшірілді, бір кәсіпорын жыл соңына дейін көшіріледі, және Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өзінің қызметтегі міндеттерін орындауда», - деп баса айтты ол.  

Трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде «Қазатомөнеркәсіп» қызметтің тиімділігін арттыру бойынша Президент тапсырмасын орындауды жоспарлауда. Компания уран өндіру бойынша жетекші позицияларды сақтайды, ядролық-отын айналымы буынында өз орнын алып, жоғары тиімді өндірісті ұйымдастырады, маркетинг жүйесін құрып, кәсіби команда қалыптастырады. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2025 жылға қарай «Қазатомөнеркәсіптің» экономикалық қосымша құн көрсеткіші (EVA) плюс 32 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу