Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы №222 қаулысы

Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

 

«Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 1025 Жарлығының 2-тармағына, Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасы (бұдан әрі – Нагоя хаттамасы) 13-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі:

генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық үйлестіру орталығы;

өсімдіктер дүниесінің, оның ішінде ормандар мен жануарлар дүниесінің    генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган;

2) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі генетикалық ресурстарға қол жеткізу және микроағзалардың генетикалық ресурстары (штамдары) саласындағы пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган;

3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган;

4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар (вакциналар) өндірісімен байланысты генетикалық ресурстар саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган болып тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар, Ғылым және жоғары білім, Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрліктері Нагоя хаттамасының 17-бабы 1-тармағының а) тармақшасына сәйкес:

1) ведомстволық бағынысты ұйымдар қатарынан генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асыруды және ашықтығын арттыруды қамтамасыз ететін бақылау пункттерін белгілесін;

2) Нагоя хаттамасының ережелерінен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізілсін.

4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Нагоя хаттамасына сәйкес ұлттық үйлестіру орталығы мен құзыретті ұлттық органдардың тағайындалуы туралы Биологиялық әралуандық туралы конвенцияның хатшылығын хабардар етсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу