Сейілбек Нұрымбетов ҚР СРИМ Комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Сейілбек Серғазыұлы Нұрымбетов Министрліктің су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1983 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, К. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясы – Ресей мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.  

Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы департаментінің жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

2010-2011 жылдары — «Қызылорда Су шаруашылығы» КММ инженері.

2011-2020 жылдары — Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басшысы.

2020-2023 жылдары — су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы.

2023 жылы — ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің жоба жетекшісі.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу