2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру жөніндегі Келісім

26 наурызда ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкі 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру жөніндегі Келісімге қол қойды.

Үкімет пен ҚР Ұлттық Банкінің келісілген іс-қимылы бағалардың тұрақтылығын, экономиканы қолжетімді қаржыландыруды және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.  

Келісімді іске асыру келесі көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: 2019 жылы негізгі капиталға ЖІӨ шаққанда 16,8% деңгейінде және 2025 жылға қарай ЖІӨ шаққанда 30%-дан астам деңгейде инвестициялар тарту; шағын және орта бизнес үлесін 2019 жылы  ЖІӨ шаққанда 28,2%-ға дейін және 2025 жылы ЖІӨ шаққанда 35%-ға дейін жеткізу; көлеңкелі экономика үлесін үш жылда 40%-ға қысқарту.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу