04 Қазан 2025, 19:13

Астанада Орталық Еуразиядағы ең ірі Digital Bridge 2025 технологиялық форумы өтті. Іс-шараның басты тақырыбы жасанды интеллектіні дамыту болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов форум аясындағы отандық IT-әзірлемелер көрмесімен танысты.
Digital Bridge 2025 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асырудың көрнекі үлгісі болды. Ол Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру міндетін қойып, соның ішіде ЖИ-ді дамытуға баса назар аударды.










Digital Bridge: Generative Nation халықаралық форумы биыл өз алаңында инвесторларды, сарапшыларды, стартаптар мен IT-компаниялардың өкілдерін қоса алғанда 67 мыңнан астам қатысушыны жинады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу