10 Қаңтар 2025, 16:30
Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және өңірлік штаб өз жұмысына кіріскенін хабарлады.
2025–2026 жылдары оқу-зертханалық корпусын ашу, жаңа идеялар хакатонын, халықаралық «DostiSkills-2025» салалық чемпионатын, халықаралық салалық аккредиттеуді өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ІТ hub және жұмыс берушілердің қолдауымен құзіреттер орталығын ашу, бизнестің нақты сұраныстары бойынша нысаналы білім беру тапсырысын ұлғайту және өңір колледждерінде жаңа мамандықтар ашу қарастырылған. Атап айтқанда, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», О. Тұрмағамбетұлы атындағы Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжі «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша кадр даярлайды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу