2020 жылға қарай ШОБ-ті мемлекеттік қолдау бәсекелі басымдыққа ие кәсіпорындарға қайта бағытталады
ЖІӨ құрылымында 30% дейін ШОБ үлесін қамтамасыз ету үшін 2020 жылға қарай мемлекеттік қолдау шаралары бәсекеге қабілетті кәсіпорындарға қайта бағытталады, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында.
«ШОБ үлесін ЖІӨ құрылымында 2020 жылға дейін 30 пайызға дейін жеткізу үшін бәсекеге қабілетті кәсіпорындарға бейімделеді, жекешелендірілген қаржыны қолдауды шектеу бойынша барлық кедергілер алынып тасталады», - деп мәлімдеді министр.
Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы атап өткендей, инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап МЖС тетігі жаппай енгізіледі.
Естеріңізге салсақ, бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Отырыс барысында еліміздің 2015 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының аралық қорытындылары шығарылып, әлемдік экономикадағы дағдарыстық үрдістер ескеріле отырып алдағы кезеңге арналған негізгі жоспарлар қаралады.
Сондай-ақ, отырыста «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын, сондай-ақ индустриялық және инфрақұрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыру жағдайы талқыланады деп жоспарланған. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жаңа жағдайға байланысты қолдау көрсету шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен бірге, отырыстың күн тәртібіне инвестициялық тартымдылықты арттыру және жекешелендіру жұмыстарын одан әрі жүргізу мәселелері шығарылатын болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз