14 Қаңтар 2017, 09:37
2017 жылғы 9-14 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
Сейсенбіде, жаңа 2017 жылғы Қазақстан Үкіметінің алғашқы отырысында жастар саясаты мен мүлікті заңдастыру жөніндегі акция қорытындысы жөніндегі мәселелер талқыланды. Үкімет жастармен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттарын, соның ішінде бірінші жұмысшы мамандығын тегін алу мүмкіндігін айқындады. Мүлікті заңдастыру акциясының қорытындысы бойынша Қазақстанда 5,7 триллион теңге заңдастырылған.
Бұдан өзге, отырыс барысында Қарағанды облысының Шахан кентіндегі апатты жағдай салдарын жою мәселелері, азаматтарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша уақытша тіркеуді қарастыратын ҚР жаңа Заңын іске асыру және кейбір шетелдерде әуе рейстерінің кейінге қалдырылуына орай уақытылы елге келе алмай қалған қазақстандықтарға көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, осы аптада Премьер-Министр ҚР ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменовтың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеуге қатысты іс-шаралар, өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысы және сауда орындарын отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері туралы есебін тыңдады.
Сейсенбі күні Б. Сағынтаев Біріккен Араб Әмірліктерімен ынтымақтастық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Сәрсенбіде Премьер-Министр Үкімет мүшелерімен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік органдардың атқаратын жұмыстарының негізгі мәселелері талқыланған кеңес өткізді.
Сонымен қатар, осы аптада Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жылдың желтоқсан айында Премьер-Министрдің өкімімен құрылған Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Отырыс барысында еліміздің банк жүйесін қалпына келтіру мен экономиканың маңызды салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Сенбі күні Премьер-Министр ұлттық холдингтер жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу