А. Мұхамедиұлы: Ұлт жоспарын іске асыру арқылы Қазақстанның мәдениеті дамудың жаңа сапалы деңгейіне көшті

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» төртінші институционалдық реформасын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы аясында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аталған бағытта жасалған жұмыс туралы айтты.

Ұлт Жоспарының «Біртектілік пен бірлік» төртінші бағытын іске асыру аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 85, 86, 87 қадамдарды толық іске асырды, 89 бен 90 қадамдар орындалып жатыр.

«Менің елім» азаматтық біртектілікті нығайтудың ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру» 87-қадамын іске асырумен Қазақстанның мәдени саласы дамудың сапалы жаңа деңгейіне шықты. Осылайша, мәдениет ұйымдарының меншік формасы республикалық мемлекеттік мекемелерден республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға өзгертілді.

«Бұдан өзге, барлық орталық музейлер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге лицензиялар алды, бұл дәстүрлі көрме жұмыстарымен қатар барлық әлемдегідей ғылыммен, археологиялық, этнографиялық және басқа да зерттеулермен белсенді айналысуға мүмкіндік береді. Жетекші музейлердің барлығында түрлі мультимедиялық құралдар енгізіледі», - деді А. Мұхамедиұлы.

«Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру» 89-қадамын іске асыру үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2017 жылдан бастап Тiлдердi қолдану мен дамытудың жаңартылған мемлекеттiк бағдарламасының үшінші кезеңін іске асыруды бастады, онда үштілді білім беруді кезең кезеңмен енгізу шаралары қарастырылған.

Мультимедиялық интерактивті алаңдар - «Tilalemi.kz» порталы, «Emle.kz» орфографиялық базасы, «Atau.kz» ономастикалық базасы, «Termincom.kz» терминологиялық базасы жұмыс жасайды. Мемлекеттік тілді үйрену бойынша анимациялық фильмдер аясында «Ғажайып қазақ тілі» және «Сіздің серігіңіз» мультимедиялық бағдарламалары әзірленді. Бұдан өзге, республикада тілдерді оқытатын 80-нен астам орталық жұмыс жасайды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу