14 Қыркүйек 2017, 07:00
13 қыркүйекте Астанада Мемлекет басшысы цифрландыру мәселелері жөніндегі Республикалық кеңеске қатысты.
Кеңеске мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың жетекшілері, Парламент депутаттары, шетелдік ірі кәсіпорындар мен компаниялардың өкілдері қатысты.
Қазақстан Президенті іс-шара алдында арнайы әзірленген көрмені аралап көрді, онда тоғыз басымдықты саланы цифрландыру бойынша мемлекеттік органдар мен отандық компаниялардың 30-дан астам ІТ-жобалары ұсынылды.
Кеңес барысында Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі әзірлеген «Цифрлық Қазақстан» инновациялық даму бағдарламасын таныстырды.
Республикалық кеңестің алдында Премьер-Министр әлемдік АТ-компаниялардың басшыларымен кездесті.
Сарапшылар бизнесті, мемлекет пен қоғамды дамытудағы ақпараттық технологиялар мен цифрландырудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ жұртшылықты осындай бағдарламаларды іске асыруға тарту бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» жобасын таныстыру аясында Бақытжан Сағынтаев Cisco компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Джонатан Спэрроумен және Co-Founder Hyperloop басшысы Шервин Пишевармен кездесу өткізді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу