Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовпен кездесті

Кездесуде Мемлекет басшысы елімізде өтетін халықаралық іс-шаралар барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айтып, «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізген кезде құқық қорғау құрылымдарының сапалы жұмыс атқарғаны үшін тағы да алғыс білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Мен арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізген кезде үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін алғыс айттым. Олар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды, сондықтан көрмеге келген барлық қонақтар тарапынан жақсы баға берілді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов еліміздегі қазіргі ахуал мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
«Ел ішіндегі ахуал тұрақты. Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде арнаулы және құқық қорғау қызметтері өз міндеттерін жоғары деңгейде атқара білді», — деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу