31 Қазан 2017, 10:30
Кездесуде ҚР Президентіне еліміздің валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығында қолайлы баға жағдайы қалыптасып отырғаны жөнінде баяндады.
Данияр Ақышевтің есебіне сәйкес, биылғы 9 айда инфляция 4,2% құрап, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 10,2% өскен.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу