04 Қараша 2017, 13:30
Биыл 2-3 қарашада Ташкентте Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті. Шараға ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
— Шара қарсаңында, 2 қараша күні Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
— Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А. Ариповпен кездесті.
— 3 қарашада ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті.
— Шағын құрамдағы отырыс аясында экономикалық өзара іс-қимыл мен ТМД-ға қатысушы елдердің сауда-экономикалық қарым-қатынасын нығайтуға жағдайлар жасау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
— Кеңейтілген құрамда өткен отырыста ТМД еркін сауда аймағы туралы келісімшарттың іске асырылу барысы, мұнай-газ машинасын жасауды дамыту, тауарлардың кедендік құнына бақылау орнату, халықаралық картелдерге өзара тиімді іс-қимыл шараларын дамыту және т. б. мәселелер қаралды.
— Сол күні отырыстың қорытынды құжаттарына қол қойылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу