Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары «жасыл» технологияларды енгізу бойынша нақты жобаларға қатысады

«Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесінде» мақұлданған климатқа кері әсерді азайту бойынша жобалар туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифингте сөз болды.

«Экспо-2017» көрмесінің «Энергия зерттеу орталығы» нысанын энергиямен қамту үшін «Жасыл жылу беру технологияларын қолдану»   жобасын әзірлеушілердің бірі, «Энергия үнемді және энергия тиімді технологиялар» ҒЗИ директоры, т.ғ.д, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Жылу энергетикасы» кафедрасының профессоры Алтай Әлімғазин таныстырды.

«Экспо-2017» көрмесінде таныстырылған технологиялар – бұл дәстүрлі емес жаңғыртылатын энергия көздерін пайдаланумен жылу сорғы технологиялары. Парниктік газ шығарындылардың артуы проблемасы бүкіл әлемде аса өзекті болып отыр. Мысалдар өте көп. Бізде Қазақстанда 37 жылу электр станциялары, бірнеше ірі МАЭС, 3 мұнай өңдеу зауыты, қара және түсті металлургия зауыттары бар, онда жылу ластануларының шығарындыларымен байланысты сумен қамтудың айналым жүйесі бар. Біз бұл шығарындыларды біздің жүйелер арқылы азайтуды ұсынамыз», — деді ҒЗИ директоры.

Оның айтуынша, аталған бағыт зор перспективаларға ие және ел экономикасына үлкен әсер береді. Ол жүйелік-айналымдық сумен қамту және кәріз құрылысының шығарындыларын азайтуды қарастырады.

«Бұл әлемдік практикамен дәлелденген, біз әлемді аралап, Еуропа елдерінің, Қытай, Азия елдерінің тәжірибесін зерттедік. Мысалдардың бірі – Қытай ЖЭЦ жобаны іске асыру, онда алты ірі жылу сорғылары орналасқан. Онда 5 млн доллар сомасына жылу энергиясына қосымша кіріс алады және 500 мың тонна су үнемдейді. Оған қоса, қомақты сомаларға парниктік газдар шығарындылары азаяды», — дейді А. Әлімғазин.

Профессор айтып өткендей, аталған жүйенің Қазақстан үшін тиімділігі әлдеқайда зор болмақ.  

«Бізде климаттық кезең өте қатал, жылу беру маусымы әлдеқайда ұзақ. Бұл технологияларды пайдаланудың нәтижесі шығарындылардың 2-4 есе азаюы, бюджет қаражатының төмендеуі, шығарындылардың болмауы, жобалардың аз уақытта өтелуі болып отыр», — деді ол.

Әзірлеуші котедждік үй құрылыстарында, әлеуметтік сала нысандарында және өнеркәсіп кәсіпорындарында пайдалануды ұсынады.

Технология патенттелген, құрастыру өндірісін «KSP Steel» ЖШС Павлодар металлургия зауытында бастау жоспарланған.

Аталған жоба 2016-2017 жылдары энергетика және білім және ғылым министрліктері өткізген баламалы және жаңғыртылатын энергетика саласындағы еліміздің ғалымдарының үздік ғылыми жобалары байқауында іріктеуден өтті, және ҚР-ның үздің жобалары қатарында Қазақстанның «Нұр Әлем» ұлттық павильонында таныстырылды. Көрмені өткізгеннен кейін бұл әзірлемеге шетел компаниялары қызығушылық танытты. Осылайша, 2 қазанда Kaoko International финдік компаниясы мен ЕҰУ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Компания ЕҰУ, Кембридж университетінің Кавендиш зертханасымен бірге Өндірістік сектор консорциумға қатысуға қызығушылық танытты және жылу-сорғы технологияларын қолдану бойынша жобаны бірлесіп қаржыландыру туралы келісім-шарт жасауға ниетті.  

Компания сондай-ақ ЕҰУ мен «Ғылым қоры» АҚ-ның 2017-2020 жылдарға технологияларды коммерциялау бойынша университет жеңіп алған грант бойынша келісім-шарт жасасу кезінде баламалы ұсыныс ретінде қуаттылығы кВт жылу сорғысын жеткізу бойынша коммерциялық ұсынысты ұсынды.

Сондай-ақ, Kaoko International KSP Steel зауыты базасында Қазақстанда жылу сорғыларын өндіретін зауыт құрылысы бойынша бірлескен жобаға нақты қызығушылық танытты.

«Бізге криптовалюта өндіретін фирмалардың америкалық және ресейлік өкілдері хабарласады деп күтпеген едік. Олар криптовалютаны блоктық модульдік жабдықта өндіреді, онда жылу көп жұмсалады. Біздің технологияның арқасында энергия шығынын азайтуға және 4-5 есе артық жылу алуға болады», — деп қорытындылады А. Әлімғазин.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу