04 Желтоқсан 2017, 14:41
Ертең, 5 желтоқсанда, сағат 9:00-де ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Kazakhstan Global Investment Roundtable» ел экономикасына инвестиция салу мәселелеріне қатысты алғашқы халықаралық дөңгелек үстел өтеді.
Форумға 100-ден астам халықаралық компанияның, қаржы ұйымдарының, елшіліктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады.
Дөңгелек үстел аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары А. Маминнің, А. Мырзахметовтың, Е. Досаевтың, А. Жұмағалиевтің, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен келесі бағыттар бойынша пленарлық сессиялар өтеді:
Дөңгелек үстел сессияларының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу