13 Желтоқсан 2017, 13:11
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс кезінде Трансформациялау бағдарламасын, жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру барысы және Қордың активтерін IPO-ға дайындау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қордың 2018 жылға арналған Жұмыс жоспары және жылдық бюджеті бекітілді, ішкі аудит қызметінің 2017 жылғы 9 айдағы жұмысы туралы есеп тыңдалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу