Мәжіліс депутаттары М. Пішембаев пен А. Платонов «Павлодар» АЭА аумағында орналасқан «Gissenhaus» ЖШС аралады

Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрам Пішембаев пен Артур Платонов «Павлодар» АЭА аумағында орналасқан «Gissenhaus» ЖШС барды.

«Павлодар» АЭА басымдықты қызмет түрі химия және мұнай химиясы салаларындағы өңдеу өнеркәсібі екенін айта кеткен жөн. АЭА-да жүзеге асырылған жобалардың бірі — қоспалы алюминий өндіру бойынша «Gissenhaus» ЖШС. Бұл бірлескен Қазақстан – Ресей жобасы, инвестициялар көлемі 6,7 млрд теңгені құрайды.

Зауыт басшылығының ақпаратына сәйкес, жоба қуаттылығы жылына 36 мың тонна алюминийді құрайды. Көлемнің жартысы экспортқа бағдарланған. Зауыт базасында жеңіл қорытпалы автомобиль дискілері шығарылады, жақын арада бірқатар тауар сұрыптамаларын шығара бастайды. Шикізат көзі — сұйық әрі құйынды түріндегі алюминий.

Жоба алюминий өндірісі кластерін құру жөніндегі шаралар аясында жүзеге асырылған және Қазақстан металлургиясының тарихында алғашқылардың бірі болады. Мұнда бір аумақта алюминийді қайта өндірудің барлық түрлері шоғырландырылады.

Парламент Мәжілісінің депутаттары М. Пішембаев пен А. Платоновтың Павлодар облысына жұмыс сапары 12 қаңтарға дейін жалғасады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу