Жолдаудың 8-бағыты аясында жекешелендіруді іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі күні, 18 қаңтарда, сағат 12:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Жолдаудың «Тиімді мемлекеттік басқару» сегізінші бағыты аясында жекешелендіруді іске асыру барысы туралы» брифинг өтеді.

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин мен қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу