2018 жылғы 5 мен 10 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.
Өткен аптада 9 ақпанда Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті, онда өткен жылдағы жұмыстардың қорытындысы жасалды және 2018 жылға арналған мақсаттар мен міндеттер талқыланды.
Сол күні Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды. Тамара Дүйсенованың орнына Мәдина Әбілқасымова тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бақытжан Сағынтаев министрліктің ұжымына жаңа басшыны таныстырды, сондай-ақ ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар міндеттер қойды.
10 ақпанда Б. Сағынтаев ҚР Үкіметі отырысын өткізді, онда Мемлекет басшысының 2018 жылдың 9 ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды.
Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің кезекті отырысы барысында техникалық реттеуді жетілдіру мәселелері, ШОБ-ті қолдау шаралары, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу барысы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша инвестициялар және даму вице-министрі Қ. Өскенбаевтың, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғ. Дұғаловтың қатысуымен техникалық реттеу саласын жетілдіру туралы баспасөз конференциясы өтті.
Сондай-ақ 6 ақпанда Бақытжан Сағынтаев мұнай-газ саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз